UFC
Қазақтарды ерекше құрметтейтін UFC файтері кезекті жеңісіне жетті
UFC лигасында жартылай орта салмақта өнер көрсететін ресейлік файтер Мовсар Евлоев (18-0) Торонтода (Канада) UFC 297 турнирінде 29 жастағы ағылшын спортшысы Арнольд Алленді (19-3) жеңді.
Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін болып, төрешілер 29:28 есебімен жеңісті ресейлік файтерге берді.
Үшінші раундта Аллен рұқсат етілмеген соққылар жасап, Мовсардың басының терісін жыртып жіберген. Алайда, төрешілер ағылшын спортшысының ұпайын шешіп алған жоқ.
Евлоев осылайша аралас жекпе-жекте 18 жекпе-жек өткізіп, оның бәрінде жеңіске жетіп отыр. Бұл оның UFC лигасындағы сегізінші жекпе-жегі.
Еске салайық, ингуш ұлтының өкілі Мовсар Евлоев жуырда сұхбат беріп, қазақ ұлтына деген құрметі ерекше екенін атап өткен болатын.