Еркін күрес

Тирандағы ӘЧ-ге қатыстатын қазақстандық балуандар іріктелді

Тирандағы ӘЧ-ге қатыстатын қазақстандық балуандар іріктелді
olympic.kz

Албанияның Тирана қаласында өтетін U23 әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды, деп жазады Olympic.kz.

Әлем біріншілігі 21-27 қазан аралығына жоспарланған. Руслан Өмірәлиев жаттықтыратын отандық еркін күрес шеберлері Тирана төрінде бақ сынайды.

Еркін күрестен U23 әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан командасы:

57 келі: Алан Оралбек

61 келі: Әділет Әлмұхамедов

65 келі: Бекзат Ермекбай

70 келі: Ернұр Нұрғазы

74 келі: Әлі анықталу үстінде

79 келі: Жеңіс Қаныбеков

86 келі: Нұржан Исағалиев

92 келі: Бекзат Аманғалиев

97 келі: Ризабек Айтмұхан

125 келі: Омархан Надиров

Басқа спорттық жаңалықтар