Футбол
Артур Шушеначев Ресей чемпионатында ойнамақ

hbsfc.co.il
Қазақстандық футболшы Артур Шушеначев израильдік «Хапоэль» клубынан кетті. 26 жастағы шабуылшы ресейлік клубтардың бірінде маусым соңына дейін жалда ойнайды.
Шушеначев мансабын маусымның соңында сатып алу құқығымен жалға алған Ресей бірінші лигасының «Сочи» клубында жалғастырады.
Бұған дейін хабарланғандай, футболшының Кипрлік «Анортозаға» ауысуы медициналық тексеруден өткеннен кейін сәтсіз аяқталды.