Гимнастика

Олимпиада жүлдегері Курбанов президентпен кездесуге неге бармағаны айтылды

Олимпиада жүлдегері Курбанов президентпен кездесуге неге бармағаны айтылды
Instagram/n_kkz

Париж ойындарының күміс жүлдегері Нариман Курбанов Олимпиада жүлдегерлерінің Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуіне қатыспады. Президенттің кеңесшісі-баспасөз хатшысы Берік Уәли оның не себепті шараға қатыспағанына қатысты түсінік берді.

Кеше Қазақстан Президенті Париждегі Олимпиада ойындарында бақ сынаған спортшылармен және жаттықтырушылармен кездесу өткізді. Гимнаст Нариман Курбанов іс-шарада түсірілген фотосуреттерден көрінбеді.

"Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде өткен 33-Олимпиада ойындарында жүлдегер атанған спортшыларға мемлекеттік наградаларды табыс етті, өкінішке қарай, Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Курбанов сырқатына байланысты салтанатты шараға қатыса алмады. Оның тезірек сауығып, жаңа спорттық жетістіктерге жетуіне тілектеспіз", - деді Берік Уәли.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының Олимпиада жүлдегерлерімен кездесуі сәл ертерек өтуге тиіс еді, бірақ спортшыларда COVID-19 анықталғандықтан кейінге қалдырылды. Үш жүлдегер мен екі бапкерде ауру анықталды.

Басқа спорттық жаңалықтар