«Барыс» буллиттер сериясында «Салават Юлаевтан» асып түсті
Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасына қарсы өткізді.
Елордалық клуб қатарынан үш мәрте жеңілістің ащы дәмін татып, турнир кестесіндегі жағдайын қиындатып алған еді. Соның салдарынан 49 ойыннан кейін 40 ұпаймен 20-орында тұр.
Бүгінгі ойынды қазақстандық команда белсенді бастады. Елордалық клуб сапынан Дмитрий Гурков 6-минутта мергендік танытты.
Ойынның 21-минутында «Барыс» сапынан Кирилл Савицкий есепті үстемелей түссе, 39-минутта «Салават Юлаев» хоккейшісі Михаил Науменков көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Ал Николай Кулёмин 48-минутта таразы басын теңестірді. Негізгі кезең 2:2 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты.
Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Буллитте «Барыс» мықтырақ болды. Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті.
Енді «Барыс» алдағы ойынын 19 қаңтарда ЦСКА (Мәскеу) командасына қарсы өткізсе, 22 қаңтарда «Автомобилист» (Екатеринбург) клубымен шеберлік байқасады.
«Барыс» (Астана, Қазақстан) — «Салават Юлаев» (Уфа, Ресей) 3:2 Б (1:0, 1:1, 0:1, 0:0, 1:0)
Шайбалар:
1:0 — 06:35 Гурков (Скленичка, Червени). Теңдікте
2:0 — 20:53 Савицкий (Ножье, Хенкель). Теңдікте
2:1 — 39:50 Науменков (Пименов, Алалыкин). Теңдікте
2:2 — 48:38 Кулёмин (Дроздов, Хмелевский). Теңдікте
3:2 — 65:00 Оберг. Буллит
Қақпашылар: Шутов — Вязовой
Айыппұл: 8:8 (4:4, 0:2, 4:2, 0:0).
Дереккөз: hcbarys.kz