Теннис

Путинцеваның Australian Open-дегі матчы сенсациямен бітті

Путинцеваның Australian Open-дегі матчы сенсациямен бітті
WTA

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева осы теннис маусымындағы алғашқы "Үлкен дулыға" санатындағы турнирдің алғашқы айналымында-ақ жеңіліп қалды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

  Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингіде 191-орында тұрған Анастасия Захаровамен (Ресей) кездесті. Путинцева бірінші сетте 6:2 есебімен жеңіске жеткенімен, содан кейін жеңіліп, жекелей бәсекеден шығып қалды. Қазақстандық тенинисші екінші сетте бірде-бір геймді ала алмады - 0:6. Шешуші үшінші сетте ресейлік тағы да жеңіске жетті - 6:3. Теннисшілер кортта 1 сағат 50 минут уақыт өткізді. Захарова үш эйс пен бір қос қателік жасады, ал Путинцева бір қос қателікке жол берді. 

Айта кетейік, 21 жастағы ресейлік "Үлкен дулыға" турнирінің бірінші айналымына іріктеу арқылы шықты. 

Басқа спорттық жаңалықтар