Гимнастика

Ташкенттегі АЧ-де Эльжана Таниева алғашқы екі бағдарламада бірінші орында келеді

Ташкенттегі АЧ-де Эльжана Таниева алғашқы екі бағдарламада бірінші орында келеді
olympic.kz

Өзбекстан астанасы Ташкентте көркем гимнастикадан лицензиялық Азия біріншілігі басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл сында Қазақстан намысын Эльжана Таниева мен Айбота Ертайқызы қорғауда. Алғашқы екі бағдарламадан соң (алғашқы он спортшы арасында) Эльжана Таниева бірінші орында келеді. Ол шығыршықпен жаттығуда 34,3, доппен жаттығуда 33,85 ұпай жинап, жалпы есебі 68.15 ұпай иеленді.

Айбота Ертайқызы 65.15 ұпаймен үшінші орында келеді.

Бұл аралық нәтижелер екенін еске саламыз. Көпсайыста жеңіске жеткен спортшы Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленеді.

Басқа спорттық жаңалықтар