Бұрын стример болған жігіт турникке тартылуда Гиннес рекордтарына кірді
Call Of Duty ойынымен кәсіби түрде айналысқан стример Даг Мартин 24 сағат ішінде белтемірге тартылудан әлемдік рекорд жасап, Гиннес рекордтар кітабына енді.
Censor лақап атымен танымал киберспортшы 8 қыркүйек күні қайырымдылық акциясы аясында әлемдік рекорд жасауға бел буған. Нәтижесінде, ол 9 250 рет тартылып, бұрын-соңды тіркелмеген нәтижеге қол жеткізді.
Бұған дейін белтемірге ең көп тартылған спортшы – жапон Кента Адач еді. Ол бір күнде 8 940 рет тартылған. Даг Мартин болса 20 сағатта рекорд жасады. Ары қарай жалғастыруға жарақаты кедергі болған.
Doug "Censor" Martin,
— Bruno (@BrunoPresents) September 8, 2024
Call of Duty retired pro player,
is now the pull up champion of the world. 😲
24 hr pullup world record with over 8941 pullups and counting 🤯
(dude's fingers are purple and he is still going). 💪pic.twitter.com/TrRdNKBuwF