2024 Париж Олимпиадасы

Назым Қызайбай Олимпиаданың қола жүлдегері атанды

Назым Қызайбай Олимпиаданың қола жүлдегері атанды
ҚР ҰОК/Тұрар Қазанғапов

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Назым Қызайбай ел қоржынына қола медаль салды.

50 келі салмақта сынға түскен Қызайбай жартылай финалда бокстан әлем және Азия ойындарының чемпионы, қытайлық Ву Юге есе жіберді.

Осылайша, Назым Қызайбай өз мансабында тұңғыш рет, өзі қатысқан алғашқы Олимпиада ойындарында қола жүлдегер атанып отыр.

Басқа спорттық жаңалықтар