ММА

Үш жылдық үзілістен оралған Егембердиев нокаутпен жеңіске жетті

Үш жылдық үзілістен оралған Егембердиев нокаутпен жеңіске жетті
instagram.com/egemberdiev__official/

Жартылай ауыр салмақтағы қазақстандық файтер Евгений Егембердиев (13-4) үш жылдық үзілістен кейін ММА-ге қайта оралып, нокаутпен жеңіске жетті.

39 жастағы "Метис" лақап атты Егембердиев АСА 179 турнирінде ресейлік Эльхан Мусаевты (10-3) бірінші раундта нокаутқа түсірді.

Бұл қазақстандық файтердің 2021 жылы жарақат алғалы бері бірінші жекпе-жегі. Ал Мұсаев үшін бұл қатарынан екінші жеңіліс болды.

Басқа спорттық жаңалықтар