Футбол

"Барселона" Мбаппенің екі командаласына көз тігіп отыр

Football24.ru

Каталондық «Барселона» франциялық ПСЖ клубының жартылай қорғаушылары Фабиан Руис пен Карлос Солерге көз тігіп тырған көрінеді, деп хабарлайды испаниялық Mundo Deportivo басылымы. 

Испаниялық клуб жарақатына байланысты ұзақ уақыт алаңға шықпайтын Гавидің орнын бастатын ойыншы іздеуде. Осы себепті «Барселона» қысқы трансферлік кезеңінде футболшыларды сапына қосып алғысы келеді.

Айта кетейік, 27 жастағы Фабиан Руис осы маусымда ПСЖ сапында 13 матч өткізіп, 1 салды және 1 ассист жасады. Ал 26 жастағы Карлос Солер тоғыз матчте бір гол соғып, екі ассист жасаған екен.

Бұған дейін журналист  Руди Галетти ПСЖ дәл осы екі ойыншыны трансферге шығаратынын хабарлаған. Ал оларға мадридтік "Атлетико" қызығып отыр. 

Басқа спорттық жаңалықтар