ХК "Барыс"

"Барыс" бүгін ҚХЛ аясында ресейлік "Амурмен" өз айдынында ойнайды

"Барыс" ХК

Қазақстандық «Барыс» хоккей командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Астанада Ресейдің «Амур» (Хабаровск) командасына қарсы өткізеді.

Кездесу бүгін, 9 қыркүйекте сағат 19:00-дe басталады. Екі команда бұған дейін 55 мәрте кездескен. Оның отыз бірі елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен. Кейінгі екі ойында қазақстандық клуб жеңімпаз болған.

Айта кетсек, бұдан бұрын «Барыс» елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) және «Трактор» (Челябинск) командаларынан ұтылды.

Ал 13 қыркүйек Астанада Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасымен ойнайды.

Басқа спорттық жаңалықтар