Теннис

Кукушкин Алматыдағы турнирдің негізгі кезеңіне өтті

Кукушкин Алматыдағы турнирдің негізгі кезеңіне өтті
ҚТФ

Әлемдік рейтингте 111-орындағы қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Алматыда өтіп жатқан ATP 250 турнирінің негізгі кезеңіне өтті. 

Іріктеу сайысының финалында Кукушкин рейтингіде 87 саты төмен тұрған ресейлік Алибек Качмазовпен бір са,ттан астам уақыт ойнады. 

Бірінші партияда Кукушкин 6:1, екінші сетте 6:2 есебімен басым түсті.

Бұл матчте Михаил 4 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды.

Осылайша, Михаил Кукушкин негізгі жарысқа жолдама алды.

Басқа спорттық жаңалықтар