Құрлықтық хоккей лигасы

«Барыс» үйде жақсы ойын көрсете алмады

«Барыс» үйде жақсы ойын көрсете алмады

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Лада» (Тольятти) командасына қарсы өткізді.

Елордалық клуб қатарынан үш мәрте жеңілістің ащы дәмін татып, турнир кестесіндегі жағдайын қиындатып алған еді. Салдарынан 49 ойыннан кейін 40 ұпаймен 19-орында тұр. Сол себепті қазақстандық клуб әрбір ойында жеңіске жетудің маңызы зор болатын.

Кездесу барысында қос команда белсенді бастады. Ойынның 10-минутында ресейлік хоккейші Никита Попугаев соққан гол «Лада» командасын алға шығарды.

Екінші кезеңде олардың қатарынан Андрей Алтыбармакян 30-шы, Трой Джозефс 38-минутта мергендік танытты. Осылайша елордалық клуб қарсыласына 0:3 есебімен есе жіберді.

Енді «Барыс» алдағы ойынын 16 қаңтарда елордада Ресейдің «Салават Юлаев» командасына қарсы өткізеді.

Одан кейін 19 қаңтарда ЦСКА (Мәскеу), 22 қаңтарда «Автомобилист» (Екатеринбург) клубтарымен шеберлік байқасады.

«Барыс» (Астана, Қазақстан) — «Лада» (Тольятти, Ресей) 0:3 (0:1, 0:2, 0:0).

Шайбалар:

0:1 — 10:59 Попугаев (Сафин). Теңдікте

0:2 — 30:39 Алтыбармакян (Михайлов, Березин). Теңдікте

0:3 — 38:19 Джозефс (Кугрышев, Бородкин). Теңдікте

Қақпашылар: Шутов — Подъяпольский

Айыппұл: 6:10 (0:2, 2:6, 4:2).


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар