Футбол

Испания кубогі финалындағы "эль-классикода" "Реал" ірі есеппен ұтты

Испания кубогі финалындағы
AP/ТАСС/Ricardo Larreina

Футболдан Испания Суперкубогының финалында "Реал" басты бәсекелесі "Барселонаны" ойсырата ұтты. Эр-Риядта өткен ойында мадридтіктер 4:1 есебімен жеңіске жетті.

"Реал" өткен жылы финалда кеткен есесін қайтарды. 2024 жылғы алғашқы "эль-класиконы" жеңіспен бастады.

Карло Анчелотти шәкірттері ойынның бірінші таймында-ақ жеңіске бастар жолды тапты. "Барселона" қорғанысының осал тұсын тауып-ақ шыққандай болды. Бірінші таймда "корольдік клубтың" бразилиялық шабуылшысы Винисиус Жуниор үш рет гол соғып, хет-трик жасады. Оның біреуін пенальтиден соқты. "Барселона" сапында бір голды Роберт Левандовский салды 

Екінші таймда Родриго "Реалдың" төртінші голын соқты. Бұл мадридтік команданы айқын басымдығын байқатты.

71-минутта "Барселона" қорғаушысы Серхио Араухо екінші сары қағаздан кейін алаңнан қуылып, Хави жаттықтыратын команда кездесуді азшылықты аяқтады. 

Басқа спорттық жаңалықтар