Қазақстан футбол Премьер-лигасы

«Ордабасының» бапкерлер құрамы украиналық маманмен толықты

«Ордабасының» бапкерлер құрамы украиналық маманмен толықты

Украиналық бапкер Виктор Ульяницкий шымкенттік «Ордабасының» бапкерлер құрамына келді.

Бұған дейін ол павлодарлық «Ақсудың» бас бапкері Руслан Костышинге көмектескен. Сондай-ақ, «Таразда» жұмыс істеп, «Алтайдың» (ШҚО) спорттық директоры болған.

Ал, жас кезінде Ульяницкий «Борисполь», ЦСКА (Киев), «Нефтехимик» (Ресей), «Ақжайық» (Орал) клубтарының сапында ойнаған.

Еске салайық, Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы 2023 жылы Қазақстан чемпионы атанды. Команда биыл Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне қатысады.


Дереккөз: 1bol.kz

Басқа спорттық жаңалықтар