Теннис

Қазақастандық Александр Бублик әлемдік рейтингте топ-25 тізімге жақындады

Қазақастандық Александр Бублик әлемдік рейтингте топ-25 тізімге жақындады
REUTERS

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингін жариялады.

Ерлер арасынеда Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 31-ден 27-сатыға көтерілді. Қазақстандық теннисші өзінің өткен жылғы үздік көрсеткішіне (25) жақындады.

Ал Денис Евсеев 184-орнында қалса, Бейбіт Жұқаев 188-ден 193-ке сырғыды. Тимофей Скатов 228-ден 227-ге, Аргентинадағы Буэнос-Айрес турнирінің финалына дейін жеткен Дмитрий Попко 417-ден 358-ге жетті. Михаил Кукушкин 262-орында.

Ал Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов 46-дан 44-ке жоғарыласа, Андрей Голубев орнын өзгерткен жоқ (64).

Басқа спорттық жаңалықтар