Грек-рим күресі

Қазақстандық жас балуан ӘЧ жүлдесін жеңіп алды

Қазақстандық жас балуан ӘЧ жүлдесін жеңіп алды

Понтеведреде (Испания) өтіп жатқан күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржыны тағы бір қола медальмен толықты.

Грек-рим күресінен 60 келі салмақта сынға түскен Оңдасын Хамитов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Медаль үшін өткен белдесуде Оңдасын жапониядық Кохау Каназаваны 9:0 есебімен ұтты.

Чемпионат аясында қазақстандық балуан Қырғызстан, Мексика және Венгрия балуандарын жеңіп, жартылай финалда түркиялық қарсыласына 8:9 есебімен ғана жол берген болатын.

Айта кетейік, кешегі жарыс күнінде Айбек Айтбеков (55 келі) пен Темірлан Тұрдақын (87 келі) қола жүлде еншілеген болатын.

Басқа спорттық жаңалықтар