Грек-рим күресі

Грек-римнен әлем чемпионатына қатысатын жас балуандар іріктелді

Грек-римнен әлем чемпионатына қатысатын жас балуандар іріктелді
СДД

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының бапкерлік штабы Албанияның Тиран қаласында өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын спортшылар тізімін ұсынды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алдағы жарыста біздің ел намысын он балуан қорғамақ.

Олар: Ербол Қамалиев (55 келіге дейінгі салмақта), Досжан Өтепқалиев (60 келіге дейінгі салмақта), Нұрсұлтан Базарбаев (63 келіге дейінгі салмақта), Дінмұхаммед Қошқар (67 келіге дейінгі салмақта), Мерей Мәулітханов (72 келіге дейінгі салмақта), Темірлан Қаратай (77 келіге дейінгі салмақта), Альмир Төлебаев (82 келіге дейінгі салмақта), Бағлан Қуаныш (87 келіге дейінгі салмақта), Ерзат Ерланов (97 келіге дейінгі салмақта), Асылбек Әбдіхалық (130 келіге дейінгі салмақта).

Айта кетелік, әлем чемпионаты 21-27 қазан күндері өтеді.

Басқа спорттық жаңалықтар