Теннис
Соня Жиенбаева US Open турнирінің үшінші айналымына өтті
Андрей Ударцев, ҚТФ
Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына жолдама алды.
Жарыстың 14-ракеткасы болып тіркелген (WTA рейтингінде 779) Соня екінші айналымда америкалық Аланис Хэмилтонмен матч өткізді.
Қазақстандық теннисші бірінші партияда 6:3 есебімен басым түссе, екіншісінде тай-брейкте табандылық танытты – 7:6 (7:3). Біршама тартысты өткен бәсеке сағат жарымнан астам уақытқа созылды.
Енді Жиенбаева ширек финалға т+өту үшін осы доданың 3-ракеткасы, WTA рейтингісінде 389-сатыдағы тағы бір америкалық Ива Якшичпен ойнайды.