Грек-рим күресі

Қазақстандық екі балуан әлем чемпионаты алтынына таласады

Қазақстандық екі балуан әлем чемпионаты алтынына таласады
olympic.kz

Күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінде екі қазақстандық балуан ақтық сынға жолдама алды.

Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта белдескен Юсуп Ашрапов Украина мен Грузия балуандарын жеңіп, жартылай финалда ресейлік Грайр Огенасяннан 7:5 есебімен басым түсті. Юсуфтың финалдағы қарсыласы - ирандық Ахмадреза Мохсен Нежад.

Сондай-ақ 82 келідегі Ислам Евлоев та финалда белдеседі. Жартылай финалда Исламның қарсыласы кілемге шыққан жоқ. Ақтық сында қазақстандық балуан Түркия өкілі Альперен Бербермен белдеседі.

Ал 60 келіде күресетін Оңдасын Хамитов қола жүлдеге таласады.

Басқа спорттық жаңалықтар