Грек-рим күресі

Қазақ балуан әлем чемпионатының алтынына күреседі

Қазақ балуан әлем чемпионатының алтынына күреседі

Грек-рим күресінен 63 келіге дейінгі салмақта күресетін қазақ балуаны Ержет Жарылқасын Албанияда өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына өтті.

Қазақ балуаны жартылай финалда бейтарап спортшы ретінде қатысқан ресейлік Садық Лалаевты 8:0 есебімен айқын жеңіп шықты. Финалда отандасымыз әзербайжан балуаны Нихад Захид Мамадлимен күреседі.

"Белдесу бапкерім екеуміз ойластырғандай өтті. Бастысы - қарсыласымды төрттағанға жатқызып, әдіс жасау болған. Оған дейін жеткізбей, тез жеңіске жете алдым. Енді қалғаны бір қарсылас. Ертең финалда жинақы күресіп, елге алтын медальмен оралуға барымды саламын", - деді Ержет Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Басқа спорттық жаңалықтар