Футбол

Әлібек Қасым ҚПЛ-де жүзінші матчін өткізді

Әлібек Қасым ҚПЛ-де жүзінші матчін өткізді
KazFootball.kz

26 жастағы «Ақтөбе» қорғаушысы Әлібек Қасым Премьер-лигада «Елімайға» қарсы ойында (1:3) өзінің 100-ші ойынын өткізді.

Алматы футболының түлегі Әлібек Қасым Премьер-лигада дебют жасағанға дейін «Қайрат» пен «Қыран» жастар құрамаларында өнер көрсетіп үлгерді.

Премьер-лигада «Қызыл-Жар» сапындағы дебютін 2020 жылдың 1 шілдесінде Петропавлда «Оқжетпес» командасымен (3:1) өткен матчта өткізді. 90-минутта Шота Григалашвилидің орнына алаңға шықты.

«Қызыл-Жар» сапында ол барлығы 38 кездесу өткізіп, 8 гол соққан. Бүгінге дейін Әлібек «Ақтөбе» сапында 62 кездесу өткізіп, 15 гол соқты. Премьер-лигада барлығы 100 матчқа қатысып, 23 голдың авторы атанды.

Басқа спорттық жаңалықтар