Ла Лига

Килиан Мбаппе "Реалмен" келісімшартқа қол қойды

Килиан Мбаппе
"Реал Мадрид" ФК

Танымал француз футболшысы Килиан Мбаппе ресми түрде "Реал" ойыншысы атанды. Футболшы мен клуб президенті Флорентино Перес келісімшартқа қол қойды.

Мбаппемен келісім мерзімі 2029 жылдың жазына дейін жасалды. Командада ойыншы 9-нөмірмен ойнайды.

"Баршаға қайырлы күн! (испан тілінде). Мен Сіздермен испан тілінде сөйлесуге тырысамын. "Реал Мадридте" ойнауды армандап талай таңды атырдым. Бүгін менің арманым орындалды, мен бақытты баламын! Мен, "Реал" ойыншысымын! Ғажап!", - деді футболшы.

Футболшының таныстырылымына 80 мыңнан асық жанкүйер жиналды.


Басқа спорттық жаңалықтар