Теннис
Жібек Құламбаева Таиландтағы жарыста жартылай финалдан тыс қалды
Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Нонтхабури (Таиланд) ITF W50 турнирінің жартылай финалына шыға алмады.
Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген Ж.Құламбаева грекиялық Сапфо Сакелларидимен бірге ширек финалда ресейліктер Екатерина Маклакова – Екатерина Яшинамен ойнады.
Бірінші партияда ресейлік дуэт 6:2 есебімен басым түсті.
Екінші сетте қазақстандық-грекиялық жұп есе қайырды – 6:3. Алайда супер тай-брейкте жеңіс ресейліктердің еншісінде кетті – 10:6.
Осылайша, қазақстандық теннисші үшін Таиландтағы турнир аяқталды. Бұдан бұрын Жібек жекелей сында жапониялық Нахо Сатоға жол берген еді.
Дереккөз: kaz.inform