Теннис
Новак Джокович әлемнің 1-ракеткасы Роджер Федерермен теңесті
ATP
«Үлкен дулыға» турнирінің 24 дүркін чемпионы, 37 жастағы сербиялық Новак Джокович Нью-Йоркта өтіп жатқан АҚШ ашық чемпионатында карьерасындағы 89-шы жеңісіне жетті.
26 тамызда басталған АҚШ ашық чемпионатының алғашқы айналымында Джокович дүниежүзілік рейтингіде 138-орында тұрған молдовалық Раду Алботты 6:2, 6:2, 6:4 есебімен ұтты.
Осылай әлемнің 2-ракеткасы жеңіс саны бойынша әлемнің 1-ракеткасы швейцариялық Роджер Федерердің көрсеткішімен теңесті.
Қазіргі кезде Новак тек америкалық Джимми Коннорсттан ғана кейін тұр, оның есебінде 98 жеңіс бар.
US Open ерлер арасында 8 қыркүйекте мәресіне жетеді.