Әлем чемпионаты жүлдесін алған ескекші алдағы жоспарын айтты
Байдарка мен каноэде есуден Қазақстан құрамасының спортшысы Мария Бровкова Өзбекстанда (Самарқанд) өткен әлем чемпионатында Мария қола жүлде алды. Спортшы бұл жетістікпен тоқтап қалмайтынын айтуда.
«Ескек есумен 2016 жылдан бастап айналысып келемін. Қазіргі таңда жақсы нәтижеге жеттім деп ойлаймын. Әлем чемпионатын медаль алу үшін көп еңбектендім.
Болашақта бұдан да зор күш салып, алтын медаль алсам деген мақсатым бар. Жеңіске тынымсыз еңбек, тәртіп және жігер арқылы жетуге болады.
Биыл Олимпиада өткендіктен, бұл маусым қарбаласқа толы болды. Жарыс легі өте көп, босаңсуға уақыт болған жоқ. Мұндай тығыз кестеге қарамастан, біз төзімділік таныттық.
Самарқандтағы жарыс осы маусымдағы соңғы бәсеке болатын. Енді демалыс алуды жоспарлап отырмын», - деді спортшы.