Футбол

«Тоттенхэм» Тимо Вернерді «Лейпцигтен» жалға алды

«Тоттенхэм» Тимо Вернерді «Лейпцигтен» жалға алды
ВВС

Англиялық «Тоттенхэм» германиялық «Лейпцигтің» шабуылшысы Тимо Вернерді сапына қосты. 

Футболшы АПЛ-де жыл соңына дейін жалға алу құқымен ойнайды. Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, келісімшарт бойынша англиялықтар футболшыны кейін 19 миллион еуроға толықтай сатып ала алады. «Тоттенхэм» жалға алу кезінде де футболшыға айлығын төлейді. 

27 жастағы германиялық футболшы лейпцигтік команда үшін 13 матчта 2 гол салып, бір нәтижелі пас берген. 

Басқа спорттық жаңалықтар