Футбол

Карим Бензема ПСЖ-ға ауысуы ықтимал

Карим Бензема ПСЖ-ға ауысуы ықтимал
Twitter

Сауд Арабиясының "Әл-Иттихад" футбол клубының шабуылшысы Карим Бензема жуырда "Пари Сен-Жермен" командасына ауысуы мүмкін, деп жазады Sports Zone.

Франциялық ойыншының трансферіне париждік клубтың президенті Нассер Аль-Хелаифидің өзі мүдделі. Ол 36 жастағы форвардты жарты жылға жалға алығысы келіп отыр. Осылайша, ол "Реалға" ауысқысы келген Килиан Мбаппені алмастыратын ойыншыны тапқан сияқты. Алайда ПСЖ-ның спорт директоры Луиш Кампуш Бенземаның трансферіне қарсы екен.

Ал Бенземаның Сауд Арабиясындағы жағдайға көңілі толмайтын болып шықты. Атап айтқанда ауа-райының қолайсыздығы, матчке адамдардың тым аз келуі, алаңдармен қиындықтар және жанкүйерлердің сын айта беруі.

Басқа спорттық жаңалықтар