Футбол

Қазақстан футболында легионерлерді шектеу алынды

Қазақстан футболында легионерлерді шектеу алынды
ҚФФ

Футболдан Қазақстан премьер-лигасындағы легионерлерге қатысты шектеу алынып тасталады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының президенті (ҚФФ) Әділет Барменқұлов хабарлады. 

Алдағы маусымнан бастап қазақстандық клубтар алаңға 11 легионерді шығара алады. Бұған дейін шетелдік 7 ойыншыны ғана шығаруға рұқсаты болған. Қалған 4 футболшы қазақстандық болатын. 

Команда құрамындағы 25 ойыншының он үші Қазақстан футболының түлегі болуы жайлы басты шарт сақталады. 

"Соңғы он бес жылда легионерлердің үлесіне байланысты түрлі эксперименттер жүргізілді. Алайда бұл шешімдердің ауыз толтырып айтар нәтиже бермегенін өздеріңіз жақсы білесіз. Сондықтан біз соңғы екі жылда сараптама жүргізіп, келесі ережені қабылдауға бел будық, - дейді Әділет Барменқұлов. 

ҚФФ президенті сөзінше, бұл шарт ел футболындағы бәсекелестікті жоғарылатып, сапасы жоғарылайды, сондай-ақ "көлеңкелі жүйенің" жолы жабылып, стадиондар жөнделіп, жанкүйерлер санының артуына сеп болады.



Басқа спорттық жаңалықтар