Футбол

«Барселонаның» бұрынғы спорт директоры Бенземаның клубына ауысты

«Барселонаның» бұрынғы спорт директоры Бенземаның клубына ауысты
BeSoccer

Каталондық «Барселонаның» бұрынғы спорт директоры Рамон Планес Сауд Арабиясы чемпионатында қызмет тапты. 

Енді ол «Әл-Иттихад» клубында спорт директоры болады. Бұл туралы саудиялық команданың баспасөз қызметі хабарлады. 

56 жастағы маман 2021 жылы каталондық клубтан кетіп, 2023 жылдың мамырына дейін севильялық «Бетис» коимандасында жұмыс істеді. 

Айта кетейік, «Әл-Иттихад» сапында Н'Голо Канте, Жота және Карим Бензема сияқты футболшылар өнер көрсетеді, ал команданың бас бапкері аргентиналық маман Марсело Гальярдо.

Басқа спорттық жаңалықтар