Есу спорты

Қазақстандық ескекші әлем чемпионатының жүлдесін жеңіп алды

Қазақстандық ескекші әлем чемпионатының жүлдесін жеңіп алды
Sports24.kz

Ескекші Мария Бровкова Самарқанда өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол ескек есуден әлем чемпионатында медаль жеңіп алған үшінші отандасымыз. Сондай-ақ әлем чемпионатында жүлде иеленген қазақстандық алғашқы әйел спортшы.

Спорттың бұл түрінде Қазақстанға алғашқы жүлдені Жомарт Сатыбалдин алып берген (2005 жыл, Загреб каноэде 200 метрге ескек есуде қола).

Ал екінші медаль 2022 жылы түсті. Оның иегері – қарағандылық Виктор Степанов. Ол Канаданың Дартмут қаласында каноэде 200 метрге жарыста үздік үштікті түйіндеген (39.44 секунд) еді.

Басқа спорттық жаңалықтар