2024 Париж Олимпиадасы

Қазақстандық құзға өрмелеуші Олимпиадада үздік бестікке енді

Қазақстандық құзға өрмелеуші Олимпиадада үздік бестікке енді
olympic.kz

Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан командасының мүшесі Әмір Маймұратов Париж Олимпиадасының жартылай финалынан сырт қалды. Десе де, ол жалпы есепте бесінші орын алды, деп жазады Olympic.kz.

Ширек финалда Маймұратов ирандық Реза Алипурға қарсы шыққан болатын. Өкінішке қарай қазақстандық спортшы 6,14 секунд уақыт көрсеткішімен ирандыққа есе жіберді.

Осылайша, Әмір Маймұратов жартылай финалдан сырт қалды. Ал жалпы есепте бесінші орынға табан тіреді. Ұйымдастырушылар Әмірдің іріктеу айналымындағы үздік көрсеткішін есепке алған.

Спорттық құзға өрмелеуден Олимпиада жүлделерін Индонезия, Қытай және АҚШ спортшылары иеленді.

Басқа спорттық жаңалықтар