Теннис

Бейбіт Жұқаев Australian Open іріктеуінің жартылай финалына өтті

Бейбіт Жұқаев Australian Open іріктеуінің жартылай финалына өтті
ktf.kz

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Аустралия ашық чемпионатының іріктеу кезеңінде қарсыласын ұтты.

Бейбіт іріктеу сайысының ширек финалында аустралиялық Николас Кикермен ойнады. Бір сағат 18 минутқа созылған матч 6:1, 4:2, 6:4 есебімен аяқталды.

Енді Жұқаев іріктеу турнирінің жартылай финалында әлемнің 99-ракеткасы, франциялық Хьюго Гастонмен кездесу өткізеді.

Басқа спорттық жаңалықтар