ММА

UFC титулына басты үміткер Белал Мухаммад Шавкатпен қашан айқасатынын айтты

UFC титулына басты үміткер Белал Мухаммад Шавкатпен қашан айқасатынын айтты
globallookpress.com

UFC ұйымының жартылай орта салмақ рейтингінде екінші тұрған америкалық Белал Мухаммад (23-3) қазақстандық Шавкат Рахмоновпен (17-0) жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді.

"Мен титулды жеңіп алғанда, белбеу үшін айқасқа ешкімді кезексіз жібермеймін. Алғашқы қорғауымды мен Шавкат Рахмоновқа қарсы өткіземін. Біз мұнда тарихты жазып, мұра қалдыру үшін жүрміз", - деп береді Белалдың сөзін MMAnews.

Басқа спорттық жаңалықтар