Теннис

Путинцева Аустралиядағы WTA 250 турнирінде жеңісті жұлып алды

Путинцева Аустралиядағы WTA 250 турнирінде жеңісті жұлып алды
olympic.kz

Әлемдік рейтингте 64-тұрған қазақстандық Юлия Путинцева Хобарттағы (Аустралия) WTA 250 турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.

Жарысты іріктеу сайыстарынан бастаған қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 45-ракеткасы, италиялық Элизабетта Кочареттомен кездесу өткізді. Бірінші партияда италиялық теннисші 6:0 есебімен айқын басымдық көрсетті. Кочаретто екінші сетте де 5:2 есебімен алда тұрып, допт  ойынға қосты.

Дегенмен Путинцева осыдан кейін қатарынан бес геймді алып, 7:5 есебімен басым түсті. Шешуші сетте 5:4 есебімен қайтадан италиялық теннисші алд акеле жатқан, алайда Юлия қайыра брейк жасады. Ақыры ол тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:4).

Енді Путинцева ширек финалға жолдама үшін чехиялық Мария Боузкова мен швейцариялық Виктория Голубич кездесуінің жеңімпазымен ойнайды. 

Басқа спорттық жаңалықтар