Хоккейден әлем чемпионаты — 2024

Қазақстан әлем чемпионатында АҚШ құрамасынан ойсырай ұтылды

Қазақстан әлем чемпионатында АҚШ құрамасынан ойсырай ұтылды
Global Look Press

19 мамырда шайбалы хоккейден әлем чемпионаты элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы алтыншы ойынын АҚШ-қа қарсы өткізді.

 АҚШ құрамасы бірден ойын тізгінін өз қолына алуға тырысты. Алғашқы екі кезеңде олар Никита Бояркин қорғаған қақпаға жауапсыз жеті шайба соғып кетті. Олардың қатарынан Мэтт Болди 4, 23, Брэди Ткачук 7, 18. Брок Нельсон 16, Гэвин Бриндли 21, Люк Канин 31-минутта қақпадан саңылау тапты.

Үшінші кезеңде АҚШ құрамасынан Брэди Ткачук 45, Кевин Хейз 46, Джонни Годро 50-минутта гол соқса, оған қазақстандық Әлихан Өмірбеков 47-минутта бір шайбамен жауап берді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы қарсыласына 1:10 есебімен есе жіберді.

Басқа спорттық жаңалықтар