ММА

Александр Емельяненко ислам дінін қабылдады

Александр Емельяненко ислам дінін қабылдады
instagram.com/alexemelyanenko

Беліглі ресейлік файтер Александр Емельяненко ислам дінін қабылдады. Бұл туралы Sport24 басылымына бапкер Расул Магомедалиев хабарлады.

"Александр үшін қуаныштымын, ол ұлы спортшы. Ислам қабылдағаны үшін емес. Оның исламға өткені түсінікті, жағымды сезім. Ол жігіттің ішкілікті қойғанына қуаныштымын. Ол исламға өткеніне шүбәм жоқ. Исламды қабылдамай Мединаға қажылыққа бармайды. Ол жаққа 100 пайыз мұсылмандар барады. Басқаша болмайды", - дейді Магомедалиев.

Бұған дейін Александр Емельяненко Мединадағы Мұхаммед пайғамбар жерленген Әл-Масджид ан-Набави мешітіне барған видеосын жариялаған. Сонымен қоса, Емельяненко өзіне Абубакар есімін таңдағаны видео да таралды.

Басқа спорттық жаңалықтар