Футбол

"Боруссия" Иан Матсенді "Челсиден" жалға алмақ

globallookpress.com

Англиялық "Челсидің" ойыншысы Иан Матсен карьерасын Бундеслигада жалғастырады. Бұл туралы журналист Фабрицио Романо хабарлап отыр.

21 жастағы голландиялық қорғаушыны дортмундтық "Боруссия" маусым соңына дейін жалға алмақ. Келісім аяқталғанша оның еңбекақысын да германиялық клуб төлейді. 

Биылғы маусымда Матсен 15 матчке қатысып, екі сары қағаздан басқа нәтижелі әрекетпен ерекшеленбеді. 

Басқа спорттық жаңалықтар