Футбол

"Тобыл" РПЛ-де ойнаған нигериялық футболшыны сапына қосты

Әлеуметтік желіден

Ресей премьер лигасында өнер көрсететін нижний новгордтық "Пари НН" футбол клубының жартылай қорғаушысы Эдедем Эссьен карьерасын Қазақстан чемпионатында жалғастырады. 

25 жастағы нигериялық ойыншы қостанайлық "Тобыл" сапына қосылды. 

Нигериялық жартылай қорғаушы «Пари Нижний Новгород» футбол клубынан ауысып келді.

Эссьен Нигерияның оңтүстігінде орналасқан Аква Ибом штатында дүниеге келген. 2019-2022 маусымдарында Арменияның «Ван» клубында ойнады, содан кейін Ливияның «Әл-Наср» және «Әл-Ахдар» клубтарында доп тепті. 2023 жылдың жазында ресейлік «Пари Нижний Новгород» командасыына ауысты.

Эссьен Эдедем – өте мығым және төзімді тіреуші жартылай қорғаушы. Оның ерекше ойын ерекшеліктері: позиция таңдау, қарсылас шабуылын тежеу және өз командасының шабуылдарын бастау. Сонымен қатар, ол допқа талас-тартыстарда озық шығады", - делінген қостанайлық клубтың хабарламасында. 

Биылғы маусымда Эссьен «Пари Нижний Новгород» сапында 11 матч өткізген екен. 

Басқа спорттық жаңалықтар