Теннис

Тимофей Скатов Амеркиа чемпионатының негізгі кезеңіне өтті

Тимофей Скатов Амеркиа чемпионатының негізгі кезеңіне өтті
ktf.kz

Қазақстандық теннисші (№190) Тимофей Скатов АҚШ ашық чемпионатының іріктеу сайысынан өтті.

23 жастағы қазақстандық іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 104-ракеткасы Билли Харриспен ойнады.

Бірінші партияда Харрис 6:4 есебімен басымдылық танытты. Екіншісінде Скатов 6:0 есебімен таза ұтты. Шешуші сетте Тимофей 6:3 есебімен басым түсті.4

Екі сағат 14 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында қазақстандық теннисші 3 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Британиялық 12 эйс, 2 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті.

Басқа спорттық жаңалықтар