2024 Париж Олимпиадасы

Батырхан Төлеуғали Олимпиаданың 1/8 финалдан аспады

Батырхан Төлеуғали Олимпиаданың 1/8 финалдан аспады
Сурет: Сали Сабиров

Таеквондодан Қазақстан командасының мүшесі Батырхан Төлеуғали Париж Олимпиадасының ширек финалына шыға алмады, деп жазады Olympic.kz.

Ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Батырхан 1/8 айналымда екі дүркін әлем чемпионы, италиялық Симоне Алессиомен кездескен болатын. Тартысты жекпе-жекте тәжірибелі италиялық спортшы 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетелік, Батырхан Төлеуғали Қазақстан сапынан Олимпиадаға қатысып жатқан ең жас атлет.

18 жастағы спортшының бұл тұңғыш Олимпиадасы.

Басқа спорттық жаңалықтар