Велоспорт

Қазақстандық велоспортшы әлем чемпионатында екінші болды

Қазақстандық велоспортшы әлем чемпионатында екінші болды
ҚР ҰОК

Қазақстандық велоспортшы Данияр Шаяхметов тректегі велоспорттан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Велошабандоз кейрин бағдарламасында сынға түсті. Ол жеңімпаздан +0.026 секундқа ғана қалып қойған.

Осылайша, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Айта кетелік, тректегі велоспорттан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі Қытайда өтіп жатыр. Турнир 21-25 тамыз аралығына жоспарланған.

Басқа спорттық жаңалықтар