Велоспорт

"Астана" итлалиялық велоспортшымен келісімшартты ұзартты

Astana - Qazaqstan

Италиялық велоспортшы Давиде Баллерини (29 жас) World Tour Astana Qazaqstan Team командасымен келісімшарт мерзімін ұзартты.

Жаңа келісімшарт бойынша Баллерини алдағы екі маусымда (2025 және 2026) командамен бәсекелесуді жалғастырады.

«Маусымның басы мен үшін тізе жарақатына байланысты жақсы болған жоқ, бірақ команданың қолдауымен толық қалпыма келіп, жоғары формаға оралдым. Өкінішке орай, бүкіл классикалық жарыс маусымын өткізіп жіберуге тура келді, бірақ қазір бәрі жақсы жүріп жатыр. «Джиро д’Италия» жарысына қатыстым, қазір мен «Тур де Франста» жүрмін. Алда биыл да, болашақта да қол жеткізгім келетін көптеген мақсаттар бар. Astana Qazaqstan Team командасымен бірге жетістікке жететініме сенемін. Сондықтан өзімді шынымен тиесілі сезінетін командамен келісімшартымды ұзартқаныма өте қуаныштымын», - деді Давиде Баллерини.

Басқа спорттық жаңалықтар