Кәсіби бокс

Абсолют чемпион атағы. Абель Санчес Бивол - Бетербиев айқасына болжамын айтты

Абсолют чемпион атағы. Абель Санчес Бивол - Бетербиев айқасына болжамын айтты
boxingscene.com

Қазақстандық Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес ресейлік боксшылар Дмитрий Бивол (22-0, 11 КО) мен Артур Бетербиев (19-0, 19 КО) арасындағы жекпе-жекте кім жеңіске жететінін айтты.

"Бетербиев Биволды сабайды. Бивол кейінгі уақыттағы мен көрген техникасы ең мықты боксшылардың бірі болса да. Бетербиев оны күш пен қуатының артықшылғы арқасында жеңеді. Алдымен оны шаршатып тастайды да, кейін сәті түскенде ұстап алады", - деп береді Санчестің сөзін vRINGe.com.

Есаке салайық, бұған дейін Бивол мен Бетербиев абсолют чемпион атағы үшін айқасуға келіскені хабарланған. 

Басқа спорттық жаңалықтар