Футбол

"Барселона" Испания кубогінде төртінші дивизиондағы команданы әзер ұтты

"Барселона" ФК

"Барселона" Испания кубогінің 1/16 финалында елдің төртінші деңгейдегі лигасында өнер көрсететін "Барбастро" командасын әзер ұтты - 3:2, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс".

Каталондық клуб осымен 20 матч қатарынан бір голдан артық айырмашылықпен ұта алмай келеді. Команда соңғы рет бір голдан артық басымдықпен 19 қыркүйекте ұтыпты. Ол кезде каталондықтар Чемпиондар лигасы аясында «Антверпенмен» ойнаған (5:0). 

Ла Лиганың турнир кестесінде "Барса" 19 тур қорытндысы бойынша 41 ұпаймен үшінші келеді.

Басқа спорттық жаңалықтар