Кәсіби бокс
40 жастағы боксшы жас қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді
Өткен демалыс Лас-Вегастағы бокс кешінде WBA ұйымының супер жеңіл салмқата уақытша чемпионы атағы үшін айқаста 31 жастағы британиялық Охара Дэйвис (25-3, 18 КО) 40 жастағы венесуэлалық Исмаэль Барросодан (25-4-2, 23 КО) жеңіліп қалды.
12 раундқа есептелген кездесу біріншісінде-ақ аяқталды. 40 жастағы Барросо алдымен қарсыласын бір құлатып алды. Есеңгіреп қалған британиялыққа алдымен нокдаун есептелді. Осыдан кейін Исмаэль тоғыз жас кіші қарсыласын қыса түсті де, екінші рет құлатты. Осы кезде төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Ismael Barroso bulldozes Ohara Davies 😲@VergilOrtiz returns to the ring NEXT on https://t.co/FoiaUucafv 🥊#OrtizLawson pic.twitter.com/hy97Fn6dQF
— DAZN Boxing (@DAZNBoxing) January 7, 2024