ММА

Рахмоновпен менеджері ортақ файтер Шавкат туралы ойын айтты

Рахмоновпен менеджері ортақ файтер Шавкат туралы ойын айтты
instagram/arm_011

UFC файтері Арман Царукян (21-3) жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) туралы ойын айтты.

- Ал Шавкат Рахмонов қалай саған?

- Ұнайды, ұнайды. Бірақ ол жекпе-жектерін тамашалайтын файтер емес. Мәселен... қалай түсіндіретінімді білмеймін.

- Ол болашақ чемпион деп айта аласың ба?

- Иә, ол чемпион болады. Оның стилі қарапайым. Ерекше ештеңе жасамайды. Деңгейі де жоғары, бірақ ол мен тамашалағым келетін файтер емес. Мәселен, Альберт Туменовті көруге болады, басқаларын. Ал Шавкаттікін мүмкіндік болып жатса ғана көрермін, ал мүмкіндік болмаса - жекпе-жектің қайталауын жүгіріп іздейтіндей емес", - дейді ол Адам Зубайраевтің YouTube арнасына берген сұхбатында.

Басқа спорттық жаңалықтар