Футбол
Норвегия құрамасының "МанСитидегі" ойыншысы Қазақстанмен матчке қатыспайды
globallookpress.com
«Манчестер Сити» мен Норвегия құрамасының ойыншысы Оскар Бобб жаттығу кезінде жарақат алып қалды.
Дәрігерлер 21 жастағы футболшының аяғы сынғанын айтады. Осының салдарынан, норвегиялық вингер үш-төрт айсыз алаңға шыға алмайды.
Еске салайық, 6 қыркүйек күні Норвегия құрамасы Ұлттар лигасы аясында Қазақстан командасымен матч өткізеді.