УЕФА Ұлттар Лигасы

Ұлттар лигасы: Футболдан Қазақстан құрамасы алғашқы ойынында Норвегияны қабылдайды

 Ұлттар лигасы: Футболдан Қазақстан құрамасы алғашқы ойынында Норвегияны қабылдайды

Футболдан 2024/25 жылғы UEFA Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын өз алаңында Норвегияға қарсы өткізеді.

УЕФА Ұлттар лигасының 2024/25 маусымының жеребе тарту қорытындысы бойынша Қазақстан В лигасында Австрия, Норвегия және Словения құрамаларымен бірге үшінші топқа түсті.

Қазақстан құрамасының матчтарының кестесі (Астана уақыты бойынша):

6 қыркүйек. 19:00. Қазақстан – Норвегия

9 қыркүйек. 23:45. Словения – Қазақстан

10 қазан. 23:45. Австрия – Қазақстан

13 қазан. 18:00. Қазақстан – Словения

14 қараша. 20:00. Қазақстан – Австрия

17 қараша. 22:00. Норвегия – Қазақстан

Топ жеңімпазы автоматты түрде А лигасына көтеріледі. А лигасының топтарында үшінші және В лигасының топтарында екінші орын алған командалар, сондай-ақ В лигасы топтарында үшінші орын және С лигасы топтарында екінші орын алған жеңімпаздар көтерілу үшін бір-бірімен үйде және сыртта плей-офф ойындарында кездеседі.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар